БЖСМ-мен жұмыс ұйымдастыру бойынша

     Лауазымдық міндеттері:

      халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өткізуді ұйымдастырады;

      жаттықтырушылар құрамы жұмысының бағытын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді және оқу топтарын сапалы жасақтауды қамтамасыз етеді;

      оқу-жаттығу және тәрбиелік процестердің нәтижелерін үйлестіреді;

      дайындық оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын, оқытушы-жаттықтырушылар жұмысының сапасын қадағалайды;

      өндірістік-есепке алу және есептілік құжаттамасын уақтылы және сапалы жүргізіп, басшылыққа, ұйымның құрылымдық бөлімше басшыларына тапсыруды қамтамасыз етеді;

      оқытушы-жатытықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды, спорт түрлері бойынша бөлімшелерде семинарлар, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастырады;

      қызметкерлердің денсаулығын нығайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдарда бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

  1. Білуі тиіс:

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

      «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

      «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы;

      «Білім туралы» Заңы;

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

      № 106 бұйрығы;

      педагогика, психология, физиология негіздері.

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру саласында (дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етілмейді немесе орта (арнайы-орта) (дене шынықтыру және спорт) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы керек.)

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика