27.07.2018

Қазыбек би атындағы аудан командалары арасында «Аула футбол лигасы 2018» қорытындылары шықты

 

2018 ж. 6-13 шілде аралығында Қарағанды қ. дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шегінде 51 команда қатысқан Қазыбек би атындағы аудан командалары арасында «Аула футбол лигасы» өткізілді.

2018 ж. 21 шілдеде Шахтер ст. орталық аренасында «Шахтер» ФК үйдегі ойынының футбол матчы үзілісінде Қазыбек би атындағы ауданның «Аула футбол лигасы 2018» жүлдегер командаларын салтанатты марапаттауы өткізілді. Марапаттауды «Шахтер» командасының негізгі құрамының ойыншылары өткізді. Әр жас тобындағы жүлдегер командалар дипломдармен, Кубоктармен және І орын – 100 000 теңге, ІІ орын – 70 000, ІІІ орын – 50 000 теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қатысушылар – сәйкесінше дәрежедегі грамоталар мен медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, төрешілер алқасымен әр жас дәрежесінде турнирдің үздік ойыншылары анықталды.

Өткізілген ойындардың қорытындылары бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

Төменгі топ – 2004-2006 ж.т.

1 орын  -      «Астана» (Ж.Қала)

2 орын   -       «Ринг» балалар-жасөспірімдер клубы (Ж.Қала)

3 орын    -      «Исландия -2004» (Михайловка)

Орта топ – 2001-2003 ж.т.

1 орын    -      «The Best» (Ж.Қала)

2 орын   -       «Cruseiro» (Оңтүстік-Шығыс)

3 орын    -      «Исландия» (Михайловка)

Жоғарғы топ – 2000 ж.т. және одан үлкендер

1 орын    -      «Мегаполис»

2 орын   -       «Степной»

3 орын   -      ҚММУ

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінен «Аула футбол лигасы 2018» Октябрь ауданының әуесқой командалары арасында өткізіледі.

 

 ildf2018 1ildf2018 2ildf2018 3

ildf2018 4ildf2018 5ildf2018 6

 

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика