14.08.2018

     Үстіміздегі жылдың 10-11 тамызы аралығында, Қарағанды қаласында облыс қалалары арасындағы ХІІІ дәстүрлі «Арай-2018» жазғы Спартакиада өтіп, оған Балқаш, Жезқазган, Қаражал, Қарағанды, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск, Приозерск қалалары қатысты. Спартакиада 12 спорт түрінен өтті, атап айтқанда: армрестлинг, волейбол, қазақ күресі,  жеңіл атлетика, үстел теннисі,  шағын футбол, жазғы Президенттік көпсайыс, пауэрлифтинг (жатып сығымдау), тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, асық ату.

     Ымырасыз тартыста жарыс нәтижелері келесідей болды:

     Үшінші орында Теміртау жайғасып, екінші орынды Жезқазған иеленсе, қатарынан он үш рет Қарағанды Спартакиада жеңімпазы атанды.

     Спатакиада жалауы мен оны келесі рет өткізу құқығы Шахтинск қаласына салтанатты түрде ұсынылды.

 13aray2018 113aray2018 213aray2018 313aray2018 413aray2018 513aray2018 613aray2018 713aray2018 813aray2018 913aray2018 10

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика