22.04.2019

     Ағымдағы жылдың 17 мен 21 сәуірі аралығында қалалық кешенді БЖСМ спорт кешенінде 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында қол добынан Қарағанды қаласының ашық Біріншілігі өтті. Бұл жарыстар Қарағанды қаласының 85-жылдығына және Жастар Жылына арналды. Жарысқа Қарағанды мен Павлодар қалаларының командалары қатысты. Ұлдар командалары арасында бірінші орынға Павлодар ОРМБЖСМ N2 ие болса, қыздар арасында Қарағанды қалалық кешенді БЖСМ оқушылары үздік болып шықты.

20190422futbool

 

     Қарағанды қаласының "Восток 1" шағын ауданында орналасқан "Тонус" спорт кешенінде 20-21 сәуір күндері дзюдодан 2003-2005, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер бойынша ашық қалалық турнир өткізілді. Жарысқа "Жас сұңқар" спорт мектебінің, Ә. Молдағұлова атындағы МИ мен "Кувалда", "Тонус" СК, Теміртау қаласы мен 8 - мектеп тәрбиеленушілері қатысты.

20190422fdzudo

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика