29.04.2019

        Ағымдағы жылдың 17-27 сәуір аралығында, Анталье қаласында  (Түркия) оқушылар арасында шаxматтан Әлем Чемпионаты өткізілді. Бұл Чемпионатқа "2019 жылы Қарағанды қаласында шаxмат спортын дамыту" жобасы - үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қарағанды қаласының ең үздік шаxматшылары қатысты.

     Жылдан жылға оқушылар арасындағы Әлем Чемпионаты  жас шаxматшылар арасында танымал болып келеді. Осы жылы чемпионатқа Әлемнің 33 мемлекетінен 392 жас шаxматшы қатысты, оның ішінде 1 xалықаралық гроссмейстер, 2 xалықаралық шебер, 11 ФИДЕ шебері, 38 ФИДЕ шеберлігіне үміткер. Біліктілік құрамы оқушылар арасындағы барлық Әлем Чемпионаттарындағы ең күшті болып шықты. Ұлдар мен қыздар арасында 7, 9, 11, 13, 15, 17 жас топтарында 12 медаль жиынтығы ойнатылды. Үш алтын медальден Қазақстан, Моңғолия, Өзбекістан шаxматшылары ұтып алды, бір алтын медальден Үндістан, Түркия және Беларусь шаxматшылары ие болды. Қарағандының жас шаxматшылары осындай күшті чемпионатта лайықты өнер көрсетті, 7 жас шаxматшы өздерінің xалықаралық рейтингтерін арттырды. Сапенов Даниял, Кенбеилов Тимур және Айкен Айша жақсы бастады, алайда осал аяқтаулары медальдерге күресу мүмкіндігінен айырды. Түркияның шаxмат федерациясы чемпионатты дәстүрлі түрде жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде өткізді. Турнирдің 56 партиясы тікелей эфирде көрсетілді.

 20190429shahmati

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика