30.04.2019
Ағымдағы жылдың 23-27 сәуірі аралығында Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында суға секіруден Қарағанды қаласының Ашық Біріншілігі өтті. Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларынан 51 спортшы қатысты. Қажырлы күресте бағдарламаның 16 түрінен Қарағанды қаласының өкілдері және 11 түрінен Алматы қаласының өкілдері командалар арасында жеңімпаз атанды.