16.07.2019

     Жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру, тұрғындарды дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында 2019 жылдың 15 шілдесінде Қазақстанда жастары жылы мен Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған әуесқой командалар арасында «Аула баскетбол лигасы» басталды. Биыл жарыстар 4x4 форматында алғаш рет өткізіледі.

     Ағымдағы жылдың 15-20 шілдесі аралығында GGG ДШСК алаңында I дивизион ойындары өткізілуде, онда жастар мен қыздардың 30 астам командалары қатысады:

- 17 жасқа дейін;

- 18 жас және одан жоғары.

     Аталған жоба «Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіледі.

 

ldb2019 1ldb2019 2ldb2019 3

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика