Hi

АҚПАРАТ:


Ұйым басшысына жазбаша түрде жазу үшін:

1.Электрондық поштаны активтендіру арқылы сайтқа тіркеліңіз.

2.Тіркеу деректерімен сайтқа кіріңіз.

3. Апелляция жазыңыз.

30.01.2020

    

     Ағымдағы жылдың 24-28 қаңтар аралығында қалалық кешесінде БЖСМ спорт залында 9-11 сынып оқитын жасөспірімдер мен қыздар арасында «Мектеп лигасы» шеңберінде қол добынан ақтық ойындар өтті.

     Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

қыздар арасында:

1 орын – №35 ОМ

2 орын – №65 ОМ

3 орын – №10 ОМ

жасөспірімдер арасында:

1 орын – №34 ОМ

2 орын – №33 ОМ

3 орын – №30 ОМ

     Ойындар қызықты өтіп, балалар спорттық шеберліктерін көрсетті! Жеңімпаз команда кубокпен және дипломмен, 2-3 орындар дипломмен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары жеке сыйлықтармен, медальдермен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындар Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдерімен марапатталды.

202001302

30.01.2020

     Ағымдағы жылдың 21-26 қаңтары аралығында № 61 мектебінде «Мектеп Лигалары» бағдарламасы шеңберінде 9-11 сынып оқитын жасөспірімдер арасында футзалдан қалалық жарыстардың ақтық кезеңі өтті.

     Жасөспірімдер қызықты, әсерлі ойын​ көрсетіп, әр команда жеңіске деген жігерлігін танытты!

     Нәтижесінде келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

1 орын - N 58 ОМ;

2 орын - N  32 ОМ;

3 орын - N  83 ОМ.

 

202001301 1202001301 2

29.01.2020

     Ағымдағы жылдың 23-25 қаңтары аралығында Н.Әбдіров атындағы СК жасөспірімдер арасында кикбоксингтенАшық қала Біріншілігі өтті. Жарысқа Қарағанды, Балқаш, Қарқаралы мен Теміртау қалаларыныңжасөспірім-спортшылары қатысты.

     Жарыс қатысушылары спорттық шеберліктерін көрсетіп, оң әсерлер алды!

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды қаласы​ ДТжС бөлімінің медальдерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

202001293

29.01.2020

    Үстіміздегі жылдың 21 қаңтарында «Шахтер» стадионының мұз айдынында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар арасында конькимен жүгіру спортынан жарыстар өткізілді. Жарыс ұйымдастырушылары – Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен «Қазақстандық Арнайы Олимпиадасы» ҚБ филиалы.

     Жарысқа Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының арнайы жалпы білім беру интернат-мектептерінен және ПНМӘМ 37 атлет қатысты.

- «Қарағанды облысы білім басқармасының дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №1 арнайы мектеп-интернаты»КММ;

- «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп – интернаты» КММ;

- «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ;

- «Дамуы шектелген балаларға арналған Саран қаласының мектеп - интернаты» КММ;

- «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №1 арнайы мектеп - интернаты» КММ;

- ПНМӘМ №1

- ПНМӘМ № 2;

- Саран қаласының ПНМӘМ.

     Турнир қысқы спорт түрлері бойынша Special Olympics Inc. Спорттық ережелеріне сәйкес өткізілді. Жарыс бағдарламасында 300, 500 және 100 метрлік сөрелер болды.

     Жарыс қатысушылары лайықты өнер көрсетіп, Қарағанды қаласының ДТжС бөлімінің, жарыс демеушілері – «Шахтер» КМҚК мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы атындағы қысқы спорт түрлері бойынша облыстық мектебінің естелік сыйлықтарына ие болды.

29.01.2020

     Ағымдағы жылдың​ 25-26 қаңтар​ күндері, М. Жұмабаев атындағы №39 гимназияда «Мектеп лигалары» шеңберінде тоғызқұмалақтан қала мектептерінің 7-8 сынып оқушыларының командалары арасында жарыстар өтті.

     Жүлделі орындар келесідей болды:

1 орын —​ М. Жұмабаев атындағы №39 гимназия;

2 орын —​ № 102 мектеп-лицейі

3 орын —​ № 74 ОМ.

    Жарыс қатысушылары спорттық шеберліктерін көрсетті!

    Жеңімпаз команда кубогтермен және дипломдармен, 2-3 орындар дипломдармен марапатталды.

    Жарыс жеңімпаздары 1 орындар үшін бөлімнің​ сыйлықтарымен, медальдерімен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындар үшін мақтау қағаздарымен және медальдерімен марапатталды.

 

202001292

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика