Hi

АҚПАРАТ:


Ұйым басшысына жазбаша түрде жазу үшін:

1.Электрондық поштаны активтендіру арқылы сайтқа тіркеліңіз.

2.Тіркеу деректерімен сайтқа кіріңіз.

3. Апелляция жазыңыз.

21.01.2020

     Өткен демалыста 18-19 қаңтар күндері М. Жұмабаев атындағы № 39 гимназияда қала мектептерінің командалары арасында «Мектеп лигасы» шеңберінде тоғызқұмалақтан жарыстар өткізілді.

     Жүлделі орындар келесідей болды:

1 орын – М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия

2 орын - №74 ОМ

3 орын - №53 ОМ

     Жарыс қатысушылары спорттық шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаз-команда кубокпен және дипломмен, 2-3 орындар дипломдармен марапатталды.

     Жарыс жеңімпаздары 1 орындар үшін Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің сыйлықтарымен, медальдерімен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындар мақтау қағаздарымен және медальдерімен марапатталды.

 202001211 1202001211 2

17.01.2020

     Ағымдағы жылдың 16-17 қаңтары аралығында Методическая көшесі 74а мекенжайындаңы шаңғы базасында Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі шаңғы жарысынан ашық қалалық біріншілік өткізді.

     Жарыстың басты мақсаттары:

     Шаңғы спортын дәріптеу

     Салауатты өмір салтын насихаттау

    Спорттық шеберлікті шыңдау

     «Ақ қыс» облыстық Спартакиадасына қатысу үшін қаланың құрама командасына спортшыларды іріктеу. Жарысқа Қарағанды облысының қала және аудан БЖСМ оқушылары қатысты.

     Бірінші күні қатысушылар 3, 5, 10 шақырым қашықтықтарында еркін стильде жарысты.

     Бүгінгі күн жеңімпаздары: ерлер мен жасөспірімдер:
1 Ерлер - Омарбаев Думан 10 шақырым
2 Юниорлар - Оскольский Степан 10 шақырым
3 Үлкен жасөспірімдер - Витязь Александр 5 шақырым
4 Орта жасөспірімдер - Мацегора Павел 5 шақырым
5 Кіші жасөспірімдер - Гаврилов Василий 3 шақырым
6 Ұлдар  - Мустафаев Никита 3 шақырым

     Әйелдер мен қыздар арасында:
1 Әйедер - Чернокунь Светлана
2 Юниорлар - Шнайдер Адия
3 Үлкен қыздар - Юдина София
4 Орта қыздар - Рыбинцева Виктория
5 Кіші қыздар - Тротно Алиса
6 Қыздар - Бейсекеева Диляра

     Әр жас санатындағы жарыс жеңімпаздары Қарағанды қаласының ДТжСБ сыйлықтарымен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындарға ие болғандар мақтау қағаздарымен марапатталды.

     Классикалық стилде жарыстың шығып қалып отыратын түрінде жарыс қатысушыларына сәттілік тілейік!

 

20200117 120200117 2

15.01.2020

     Ұлттық спорт түрлерін дамыту және қолдау мақсатында Қарағанды қаласының ДТжС бөлімі М. Жұмабаев атындағы №39 гимназияда 11-12 қаңтар күндері 17-19-21 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жеке қалалық жарыстар өткізді.

     Қатысушылардың жалпы саны 103 адамды құрады. Қыздар арасындағы 17 жас тобында жеңіске Ф. Серікбол (№103 гимназия), жасөспірімдер арасында 17 жас тобында  жеңіске А. Исабеков (№ 74 ОМ), қыздар арасында 19 жас тобында Ж. Аманжолова (МГТК), жасөспірімдер арасында 19 жас тобында Е. Кәріғұл (МГТК), қыздар арасында 21 жас тобында А. Дихан (№39 гимназия), жасөспірімдер арасында 21 жас тобында М. Аманжол (№74 ОМ).

     Жарыс қатысушылары өз спорт шеберліктерін көрсетті. Жарыс жеңімпаздары бөлімнің сыйлықтарымен және мақтау қағаздарымен, 2,3 орындар мақтау қағаздармен марапатталды.

     Ағымдағы жылдың 6-10 ақпаны аралығында Ағадыр кентінде 17-19-21 жасар жастар арасында тоғызқұмалақтан облыстық Чемпионат өтеді, оған қала командасы да жөнелтілетін болады.

202001154 1202001154 2202001154 3

15.01.2020

     Ағымдағы жылдың 11-12 қаңтарында Жаңаарқа к. БЖСМ спорт залында 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық Біріншілік өткізілді. Оған аға жаттықтырушы М. Ахметбековтың басшылығымен қаламыздың командасы да қатысты. Жарыстар келесі 10 салмақ дәрежесінде өтті: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 65, 70, 75, +75 кг.

     Қала командасы жүлдегер болып оралды. Осылайша 38 кг салмақ дәрежесінде  Р. Данияров – 2 орынға, 60 кг Р. Алпысбаев – 2 орынға, 65 кг Н. Есенгелдиев – 3 орынға, +75 кг А. Қанат – 3 орынға ие болды.

     Жүлдегерлер Қарағанды облысының ДШжСБ мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

15.01.2020

   

     Ағымдағы жылдың 6-8 қаңтары аралығында Н. Әбдіров атындағы СК бокс залында қыздар арасында бокстан қалалық Ашық Біріншілік өткізілді. Жарысқа «ҚК БЖСМ» КММ, «Бокс бойынша ОРОМБЖСМ» КММ, Ә.Молдағұлова атындағы ОРОММИК оқитын қыздар, сонымен қатар Теректі к. (Қарқаралы ауданы), Жаңаарқа а., Солтүстік Қазақстан облысының, Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған, Приозерск қалаларының, Теміртау, Шахтинск, Абай қалаларының БЖСМ командалары 9 салмақ дәрежесінде қатысты.

     Жарыс қатысушылары спорттық шеберліктерін паш етіп, қызықты жекпе-жек көрсетті және оң әсерлерге бөленді!

     Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды қаласы ДТжС бөлімінің медальдерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

202001153 1202001153 2202001153 3

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика