Hi

АҚПАРАТ:


Ұйым басшысына жазбаша түрде жазу үшін:

1.Электрондық поштаны активтендіру арқылы сайтқа тіркеліңіз.

2.Тіркеу деректерімен сайтқа кіріңіз.

3. Апелляция жазыңыз.

15.01.2020

    

     «Жастар» спорт кешенінде 5-9 қаңтар аралығында 2009 ж.т. жасөспірімдер командалары арасында «Шахтер» ФК ветерандарын еске алуға арналған футболдан қалалық турнир өтті.

     Жарысқа 8 команда қатысты. Олардың ішінде «Шахтер-1», «Шахтер-2», «Шахтер-3», ҚК БЖСМ, «Жастар», «ЖасStar», Шахтинск және Теміртау қалаларының командалары.Ойындар қызықты өтті, балалар техника-айлалық әрекет пен жеңіске деген жігер танытты!

     Ақтық кездесулер нәтижесінде орындар келесідей болды:

 1 орын – «Шахтер – 1» командасы;

 2 орын – «Шахтер – 3» командасы;

 3 орын – Қарағанды қаласының «Жастар» командасы.

     Турнирдің жүлдегер-командалары Кубогтермен және сәйкес дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Жүлдегер-командалардың ойыншылары Қарағанды қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің медальдерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

202001152 1202001152 2

15.01.2020

     Қысқы мектеп демалыс күндері 5-6 қаңтар аралығында «Шахтер» стадионының мұз айдынында 2006-2008 ж.т. кіші қыздар мен жасөспірімдер және 2008 ж.т. және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында коньки спортынан қалалық жарыстар өтті. Балалар спорттық шеберліктерін көрсетіп, жақсы дене даярлығын паш етті! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер көпсайыс нәтижесі бойынша анықталып, Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жүлдедерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

20200115

09.01.2020

     Қысқы демалыс күндері 4-5 қаңтарда «Локомотив» СК аймағында С.Шевцовты еске алуға арналған қысқы Президенттік көпсайыстан Қарағанды қаласының жеке Біріншілігі өткізілді. Жарысқа спортшылар 7 жас санатында қатысты: 12-13, 14-15, 16-17, 18-20, 21-29, 40-49 және 50 жастан үлкен. Жарыстың бірінші күні спортшылар 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудан және күштік гимнастикадан (қыздар-кеудені жерден көтеру, жасөспірімдер – кермеде тартылу) жарысты. Екінші күні шаңғы жарыстары өтті: қыздар 3 км, жасөспірімдер 5 км қашықтыққа, 50 жас пен одан үлкендер: ерлер – 3 км, әйелдер – 2 км. Жарысқа жалпы 76 спортшы қатысты. Әр жас санатында 1 орын алғандар Қарағанды қаласының ДТжС бөлімінің сыйлықтарымен, медальдерімен, мақтау қағаздарымен, 2-3 орын алғандар мақтау қағаздарымен және медальдермен марапатталды.

202001091 1202001091 2202001091 3

09.01.2020

     Қысқы демалыс күндері 4-5 қаңтарда «Шахтер» КМҚК үстел теннисінің спорт залында жасөспірімдер мен қыздар арасында үстел теннисінен ашық «Қалалық Лигалар» ойындарының бірі өтті.

     Жарысқа Қарағанды қаласының ОРОМБЖСМ оқушылары, Қарағанды облысы Сәтпаев, Теміртау, Балқаш қалалары, Қарқаралы ауданы мен «Аттака» с/к ветерандары қатысты.

     Жоғарғы лигада 1 орынға В. Захаров (Қарағанды қаласының ОРОМБЖСМ), 2 орынға М. Суртубаев (Қарағанды облысы), 3 орынға З. Акашева (Қарағанды қаласының ОРОМБЖСМ) ие болды.

     Жарыс жеңімпаздары Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің сыйлықтарымен, медальдерімен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орын алғандар медальдермен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

     Жарысқа қатысқандар қызық ойын көрсетіп оң әсерлер алды!

 

202001092 1202001092 2

08.0.1.2020

     Қысқы демалыс күндері № 86 ОМ спорт залында «Мектеп лигасы» шеңберінде 7-8 сынып оқитын ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан ақтық ойындар өтті. Жарысқа 7 ұлдардың және қыздардың командасы қатысты. Жарысқа жалпы 156 адам қатысты.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Қыздар арасында                                                        Ұлдар арасында:

1 орын - №91 ОМ                                              1 орын - №58 ОМ

2 орын - № 35 гимназия                                    2 орын - № 39 ОМ

3 орын - № 37 ОМ                                             3 орын - № 86 ОМ

     Ойын қызықты өтті, балалар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті!

     Жеңімпаз-команда кубогпен және дипломмен, 2-3 орындар дипломмен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары Қарағанды қаласының ДТжС бөлімінің жеке сыйлықтармен, медальдермен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындар мақтау қағаздарымен және медальдерімен марапатталды.

 

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика