Hi

АҚПАРАТ:


Ұйым басшысына жазбаша түрде жазу үшін:

1.Электрондық поштаны активтендіру арқылы сайтқа тіркеліңіз.

2.Тіркеу деректерімен сайтқа кіріңіз.

3. Апелляция жазыңыз.

31.12.2019

     Ағымдағы жылдың 25-26 желтоқсаны күндері «Тонус» спорт клубында 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан Ашық қала Біріншілігі болып өтті. Жарысқа қатысқандар арасында Теміртау қаласы, Құрма а. (Абай ауданы) мен Қарағанды қаласының командасы: «Тонус» СК, «Кувалда» СК мен «Жас сұңқар» ОРМОБЖСМ болды. 9 салмақ дәрежесінде 60 дзюдошы қатысты. Салмақ дәрежелерінде  келесілер жеңімпаз атанды: 34 кг – Мамырханов Н. (г.Теміртау), 38 кг – Ермек И. (СК Тонус), 42 кг – Дүйсембеков Н. (СК Тонус), 46 кг – Бондарев В. (СК Кувалда), 50 кг – Ерқанат Д. (г.Теміртау), 55 кг – Коробков Д. (СК Кувалда), 60 кг – Савенков Е. (СК Кувалда), 66 кг – Магомедов М. (г.Қарағанды), +66кг – Живов Д. (Құрма а.). Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды қаласының ДТжС бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдерімен марапатталды.

 20191231 3

31.12.2019

     Қалада мүгедектер спортын қолдау және дамыту мақсатында, сонымен қатар ең үздік әрі келешегі бар мүгедек-мүгедектерді анықтай отырып, қалалық құраманы даярлау үшін 20-21 желтоқсан күндері Н.Әбдіров атындағы СК жүзу бассейнінде көру, есту қабілеттері төмен, ТҚАЗ спортшылар арасында ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған Қарағанды қаласының біоіншілігі өтті.

     Жарысқа мүгедектер спорты, есту қабілеті, көру қабілеті, ТҚАЗ мектептерінің спортшылары қатысты.

     Бірінші болуға 2 жастық топта 73 спортшы бақ сынасты: 2002 ж.т. және одан үлкен, 2003 ж.т. және одан кіші. Біріншілік қатысушылары спорттық шеберліктерін көрсетіп жеңіске деген жігерлерін білдірді. Жарыс жеңімпаздары Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен, жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

20191231 2 120191231 2 2

20191231 2 320191231 4

20.12.2019

     В День Независимости РК, 16 декабря в Центральном парке культуры и отдыха города Караганды прошло Открытое Первенство города по авиамодельному спорту в классе схематических моделей планеров. Соревнования проходили среди спортсменов команд города Караганды, ОССШТВС и ТТ, ШГ №95, ШЛ №101 и СШ №103.

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні Қарағанды қаласының орталық саябағында схема түріндегі планерлер үлгілері санатында авиамодель спортынан Ашық қалалық Біріншілік өтті. Жарыстар Қарағанды қаласы спортшыларының командалары, облыстық техникалық спорт мектебі, № 95 МГ, № 101 МГ, № 103 ОМ арасында өткізілді.

     Жарыстар өте қызықты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті!

     Біріншілік нәтижелері бойынша жүлделі орындай келесідей болды:

 1 орын –  Нұрмұхаматов Р.(МГ №95);

 2 орын – Молдабаев Н. (ОМТСТмТШ);

 3 орын – Бисеров И. (Қарағанды).

     Жүлдегерлер Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жеке сыйлықтарымен, медальдерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

20191220 3 120191220 3 220191220 3 3

31.12.2019

     Ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсан күндері №8 ОМ қысқы спорт түрлері бойынша Президенттік көпсайыстан ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған Ашық жеке Біріншілік өткізілді. Жарысқа 5 жас санатындағы спортшылар қатысты: 12-13, 14-15, 16-17, 18-39, 40 жас және одан үлкен. Бірінші күні спортшылар 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен атуда және күштік гимнастикадан (қыздар-кеудені жерден көтеруде, жасөспірімдер-кермеде тартылу) жарысты. Екінші күні шаңғы жарыстары болды: қыздар 3 км, жасөспірімдер 5 км қашықтықта. Қатысушылардың жалпы саны 68 спортшыны құрады. Жарыстың әр жастық тобында 1-3 орын алған қатысушылар Қарағанды қаласы ДТжС бөлімінің медальдерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

20191231 1

20.12.2019

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында 15-20 желтоқсан арасында қалалық кешенді БЖСМ-де 2007 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында қалалық турнир өтті.

     Жарысқа 144 адам қатысты, олардың арасында жаңадан келгендер мен дәрежелі спортшылар. Қатысушылар спорттық шеберліктерін паш етіп, қызықты ойын көрсетті және оң әсер алды!

     Қыздар арасында жеңіске үстел теннисі бойынша ОРОМБЖСМ командасы жетсе, 2 орынды ҚК БЖСМ № 1, 3 орынды ҚК БЖСМ № 2 командасы иеленді. Ұлдар командалары арасында жүлделі орындарды ҚК БЖСМ №1, №2, №3 командалары бөліп алды.

     Жеңімпаз команда Кубогпен және дипломмен, 2-3 орындар сәйкес дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз команда мүшелері Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бағалы сыйлықтарымен, медальдерімен және мақтау қағаздарымен, 2-3 орындар медальдермен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

20191220 2 120191220 2 2

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика