28.05.2019

     БЖС шахмат клубында 7,9,11,13,15 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған, рапид, блиц, стандарт бөлімдерінде жылдам және шапшаң шахмат бойынша қала чемпионаты өтуде. Жарыстар швейцариялық жүйе бойынша жүргізіліп жатыр және облыс чемпионатына іріктеу болып табылады. Осы жылы қатысушылар саны рекордттық 241 адамды құрады.

 sh20190528 1sh20190528 2

27.05.2019

     Ағымдағы жылдың 26 мамырында Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде мектептердің жасөспірімдік командалары арасында футболдан қаланың құрметті азаматы Шәймерден Әбілмажінұлы Оразалиновты еске алуға арналған турнирі ашылды. Турнирге қала мектептерінің 18 үздік командалары қатысты. Бұл жылы ХХ турнир мерейтойлық болып отыр, 2000 жылы оны ұйымдастырған Шәймерден Әбілмажінұлы еді, 2019 жылға дейін оның жүлдесіне өткізіліп келді.

     Осы турнирді Қарағанды қаласының әкімдігі, хбб НЗМ мен Ш. Оразалиновтың серіктестері ұйымдастырды.

 

 fb20190527 1fb20190527 2fb20190527 3

29.04.2019

        Ағымдағы жылдың 17-27 сәуір аралығында, Анталье қаласында  (Түркия) оқушылар арасында шаxматтан Әлем Чемпионаты өткізілді. Бұл Чемпионатқа "2019 жылы Қарағанды қаласында шаxмат спортын дамыту" жобасы - үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қарағанды қаласының ең үздік шаxматшылары қатысты.

     Жылдан жылға оқушылар арасындағы Әлем Чемпионаты  жас шаxматшылар арасында танымал болып келеді. Осы жылы чемпионатқа Әлемнің 33 мемлекетінен 392 жас шаxматшы қатысты, оның ішінде 1 xалықаралық гроссмейстер, 2 xалықаралық шебер, 11 ФИДЕ шебері, 38 ФИДЕ шеберлігіне үміткер. Біліктілік құрамы оқушылар арасындағы барлық Әлем Чемпионаттарындағы ең күшті болып шықты. Ұлдар мен қыздар арасында 7, 9, 11, 13, 15, 17 жас топтарында 12 медаль жиынтығы ойнатылды. Үш алтын медальден Қазақстан, Моңғолия, Өзбекістан шаxматшылары ұтып алды, бір алтын медальден Үндістан, Түркия және Беларусь шаxматшылары ие болды. Қарағандының жас шаxматшылары осындай күшті чемпионатта лайықты өнер көрсетті, 7 жас шаxматшы өздерінің xалықаралық рейтингтерін арттырды. Сапенов Даниял, Кенбеилов Тимур және Айкен Айша жақсы бастады, алайда осал аяқтаулары медальдерге күресу мүмкіндігінен айырды. Түркияның шаxмат федерациясы чемпионатты дәстүрлі түрде жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде өткізді. Турнирдің 56 партиясы тікелей эфирде көрсетілді.

 20190429shahmati

30.04.2019

     Ағымдағы жылдың 23-27 сәуірі аралығында Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында суға секіруден Қарағанды қаласының Ашық Біріншілігі өтті. Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларынан 51 спортшы қатысты. Қажырлы күресте бағдарламаның 16 түрінен Қарағанды қаласының өкілдері және 11 түрінен Алматы қаласының өкілдері  командалар арасында жеңімпаз атанды.

20190430plav120190430plav2

23.04.2019

Зональное Первенство РК по боксу среди младших юношей 2005-2006 г.р.

Место проведения:  г.Павлодар

Сроки проведения: 16-22 апреля2019г.

Количество учащихся: 1 человек

Занятое место: II место  (весовая категория 38 кг)

Ф.И. победителя: Григорьев Влад

20190423gramota

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика