13.12.2017

Қазақ күресінен қала Біріншілігі.

     12 желтоқсанында «Қайрат» ұлттық спорт балалар мен жасөспірімдер мектебінің «Ұлттық спорт орталығында» ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына мен даңқты спортшы Мусан Абдул-Муслимовті еске алуға арналған қазақ күресінен  қалалық Біріншілігі өтті.

     Жарыстың мақсаттары мен міндеттері

  • Халық арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату және салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тәрбие беру;
  • Жастар, жергілікті тұрғындардың қазақша күрес және ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Балуандар арасында ең үздігін анықтау.

     Жарыс 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында 38,42,46,51,57,64,72,81,+81 кг. салмақ дәрежелері бойынша өткізілді.

     Мусан Юсупұлы Абдул-Муслимов 3 ақпан 1955 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. КСРО және Еуропа чемпионы, КСРО Спорт шебері. 1968 жылдан бастап еркін күрес секциясында спортпен шұғылдана бастады. 1972 жылы спорт шебері нормативін орындады.1973 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.1972 жылы жасөспірімдер арасында КСРО біріншілігінің жеңімпазы атанды.Осы жылы (1972) - София қаласында өткен Достық халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. 1973 жылы алматыда өткен КСРО бүкілодақтық жастар ойындарының,  жеңімпазы. 1973 жылы Майамиде өткен юниорлар арасындағы Әлем чемпионатының чемпионы, 1976 жылы КСРО Чемпионатынының күміс жүлдегері атанды.1977 жылы КСРО чемпионатының қола жүлдегері.1978 жылы АҚШ-тың Толидо қаласында өткен Әлем Кубогынының иегері.1979 жылы КСРО чемпионы атанды.1979 жылы Бухарест қаласы Румынияда өткен жарыста Еуропа чемпионы атанды.2003 жылы Венгриянының БУдапешт қаласында өткен арадагерлер арасындағы Әлем Чемпионатының жеңімпазы атанды.

     2007 жылы Мусан Абдул-Муслимовке ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері атағы берілді. Өзінінің еңбек жолында ол Жоғары спорттық шеберлік мектебінде, Даулет балалар спорттық мектебінде, қызмет атқарды.

kk1 2017.12.13kk2017.12.13kk2 2017.12.13

 

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика